CRISPR генетикалық редакторы қатерлі ісіктерді анықтайтындай етіп өзгертілді
CRISPR генетикалық редакторы қатерлі ісіктерді анықтайтындай етіп өзгертілді
2 жыл бұрын 1659 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Louis Reed / Unsplash

Қытайдың Шенжоу университетінің ғалымдары CRISPR/Cas редакторы деп аталатын генетиканы өңдеу құралын организм ішінде қатерлі ісік жасушаларының бар-жоғын анықтайтындай етіп түрлендірді. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Sensors мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CRISPR/Cas9 жүйесі немесе технологиясы қолайлы фрагментті кесу, өзгерту немесе енгізу арқылы қажетті қасиеттер мен параметрлер үшін ДНҚ-ны өңдеуге мүмкіндік беретін «генетикалық қайшы». 2020 жылы осы әдісті ойлап тапқандарға химия саласы бойынша Нобел сыйлығы берілді. Енді ғалымдар онкологиялық науқастармен жұмыс істеу үшін CRISPR технологиясын жетілдірген. Аталмыш технология жасушаларға молекулаларды тасымалдауға қажет экзосомалар - жасушадан тыс кішкентай көпіршіктер бөлетін ісік жасушаларын нысанаға алуға және бөлектеуге негізделген. Науқастың денесіне арнайы әзірленген майдың нанобөлшектері енгізіледі. Онда олар экзосомаларға еніп, оларға Cas13 ақуызының модификацияланған түрінің молекулаларын, сондай-ақ, ісік биомаркерлерін анықтайтын РНҚ тізбектерінің тобын енгізеді. Cas13-тің өзгеруі ферменттің нанобөлшектердің басқа құрамдас бөлігімен реакциясына әкелді, бұл ісікгі бар аймақтарды көрсетеді. Осылайша, тіпті, ең кішкентай қатерлі ісік жасушаларын анықтауға болады. Бұл тарапта сүт безі обыры жасушаларының дақылдарына жасалған бірқатар тәжірибе нәтижесі жоғары тиімділікті көрсетті: жүйе қоректік ортада бірнеше жүз экзосомалар болған жағдайда да қатерлі ісік іздерін анықтаған.

Ұқсас материалдар:

CRISPR/Cas9 технологиямен емдеудің басты қатері айтылды (https://islam.kz/kk/news/gylym/crisprcas9-tehnologiyamen-emdeudin-basty-qateri-aityldy-17267/#gsc.tab=0);

«CRISPR көмегімен генді редакциялаудың қатері қандай» (https://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-komegimen-gendi-redaktsiyalaudyn-qateri-qandai-17093/#gsc.tab=0);

«CRISPR генді редакциялау тәсілімен емдеу қатерлі ісік қаупін тудырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-gendi-redaktsiyalau-tasilimen-emdeu-qaterli-isik-qaupin-tudyrady-17176/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат