Чип-жүрек шын жүрек сияқты жұмыс істейді (видео)
Чип-жүрек шын жүрек сияқты жұмыс істейді (видео)
3 жыл бұрын 2429 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бостон университетінде жасалған miniPUMP чипіндегі ағзаны түрлі дәрілердің жүрек қызметіне қалай әсер ететінін зерттеуде пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған science.org сайтына, яғни, Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кардиологиялық зерттеу жүргізетін ғалымдар үшін тірі адамның жүрегінен артық құрал жоқ. Алайды, бұл аса құнды әрі сирек кезесетін ағза болғандықтан оған қол жеткізу өте қиын. Міне, осыны ескерген ғалымдар оның баламасын – нағыз кардиомиоциттен жұмыс істейтін титтей мехханикалық жүрек нұсқасын жасады. Жүрекке арналған миниатюралық жалпақ денелі бір бағытты микрофлюидті сорғының қысқартылған miniPUMP (Precision-enabled Unidirectional Microfluidic Pump) небәрі 3 см² құрайды. Ол шынайы жүрек қарыншасының (төменгі камерасы) функциясына ұқсайды, ол арқылы суды нағыз жүрек қан айдайтындай айдайды. Бұл құрылғы пластиктен жасалған, ал құрылғының конструкциясы 3D-принтерінде басып шығарылған акрилді клапаннан, түтікшелерден, сорғыдан тұрады. Ал сорғының өзіне келсек, ол байланысқан концентренттік акрилді спиралдан тұратын каркасты қамтиды. Олардың ішінде адамның тірі кардиомиоциттері (жүрек бұлшықетінің жасушалары) егіледі. Олар біркелкі кеңейіп қысқарған кезде икемді жақтау олармен бірге қозғалады, суды миниПОРМП арқылы айдайды. Кардиомиоциттерді теріден, қаннан немесе оңай қол жеткізуге болатын жасушаның кез келген басқа түрінен алынған жасушалар арқылы алуға болады. Олар діңгекті жасушаларына қайта бағдарламаланады, содан кейін оларды жүрек жасушаларына бөлуге болады.

Сол жақта miniPUMP жүрек тінінің жиырылуына байланысты соғады. Бұл кезде сұйықтық шығарылады (оң жақта) - адамның жүрегі қанды айдайтын сияқты. Бейне: : Michas et al., Sci. Adv. 8, eabm3791 (2022), CC BY-NC

 

0 пікір
Мұрағат