Cал болып қалған қолды қимылға келтіретін білезік жасалды
Cал болып қалған қолды қимылға келтіретін білезік жасалды
3 жыл бұрын 1739 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: University of Sydney

Австралиялық ғалымдар 3D-принтерде сал болып қалған адамдардың қолдарын қимылға келтіретін білезік басып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Сидней университетіне (USYD) жөн сілтеген Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары қимыл-қозғалысы шектеліп қалған пациенттерге компьютерді басқарып, видео ойын ойнауына мүмкіндік беретін ақылды білезік жасап шығарды. Осылайша ғалымдар мүмкіндігі шектеулі жанның қажеттілігін өзі өтеуіне көмектесетін аппарат ойлап табуды алдына мақсат еткен. Білезіктің өзі арнайы шайырдан әзірленген. Құрылғы Қол қимылында маңызды рөл ойнайтын сіңірлер тартылған білек аймағын дірілдету арқылы саусақтардың қозғалысын дәл қалпына келтіре алады. Содан соң девайс сигналды компьютерге немесе смартфонға  береді – сигналдың  не туралы екенін арнайы құрылғы анықайтын болады. Мидың сигналдарын қабылдайтын сенсорлар арнайы есептеу техникасы арқылы жасалған. Құрылғының қалған бөліктері мен корпусы кәдімгі 3D принтердің көмегімен басып шығарылды. Австралиялық мамандар құрылғыны пысықтап, техникалық сипаттамалар мен сызбаларды жалпыға ортақ етуге, ашық дерекке айналдыруға ниетті.

0 пікір
Мұрағат