Cағыныш ауруды басады – зерттеу
Cағыныш ауруды басады – зерттеу
3 жыл бұрын 1359 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен шақты сағыну, естелікке берілу жанға батқан ауруды сәл де болса жеңілдететін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNN дерек көзіне жөн сілтеген knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 34 адамды зерттей келе қытай ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Тәжірибе кезінде адамдарды жылудың әсеріне ұшыратып көрді. Оның қолайсыздық деңгейін ескі мультфильмдердегі кадрларды, балалар ойындарының суреттерін және ретро кәмпит орамдарын қарау арқылы бағалады. Осымен қатар бір мезгілде магнитті-резонансты томография аппараты көмегімен олардың ми белсенділігі қадағаланды. Нәтижесінде балалық шақтағы естеліктің ауруды сәл де болса ұмыттыратыны анықталды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джо Иашуо Конгтың айтуынша, адамдар қолайсыздық пен жайсыздықты еңсере отырып, жағымсыз тәжірибелерді қайта ой елегінен өткізуі үшін сағынышқа берілуі мүмкін. Сағыныш негізінде жағымды эмоцияға жатады.

0 пікір
Мұрағат