Бүйректе тастың пайда болуына ықпал ететін қышқылды жоюдың тәсілі табылды
Бүйректе тастың пайда болуына ықпал ететін қышқылды жоюдың тәсілі табылды
4 жыл бұрын 6955 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдің Пермь қаласындағы политехникалық жоғарғы оқу орнының химиктері суды қымыздық қышқылынан тазартатын тәсілді ойлап тапты. Қымыздық қышқылының қатері неде? Ол жауын-шашын кезінде жерге түсетін улы металдарды байланыстырады. Одан кейін аталмыш қышқыл адамның бүйрегі мен өтінде тастың пайда болуына ықпал етеді. Пермдегі политехникалық жоғарғы оқу орнының химия және биотехнология кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Елена Фарберованың айтуынша, қымыздық қышқылы суда ертитін түссіз кристалл. Әдетте оны химия, тоқыма, тері өнеркәсібі мен полиграфияда, металлургияда және фармацевтикада қолданады. Аталмыш зат қоршаған ортада жинала келе адам организіміне енеді. Өзге ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, ол көзді, тыныс жолының жоғарғы жағын және мұрын қуысындағы шырышты қабатты тітіркендіреді. Бұған қоса, адамның ішек-асқазанын зақымдайды, ал теріге жанасқан жағдайда жара пайда болады. Қымыздық қышқылының әсерін бейтараптындыру үшін пермдік ғалымдар арнайы микроорганизмдер бөліп шығарды. «Бүгінде су қышқылдан химиялық әдістермен, ультракүлгін сәулесімен және озонмен тазартылып жүр. Олармен салыстырғанда біздің тәсіл экологиялық жағынан зиянсыз, шығыны да аз әрі суды қосыша өңдеуді қает етпейді. Біз биокатализатор әзірледік – суды қышқылдан тазартатын микроорганизмдердің көміртек негізіндегі арнайы материал жасадық»,- деп түсіндірді ғалым. Бұл тәсіл қалай табылды? Химиктер микроорганизмдердің қышқылды қалай жоятынын әрі қандай жағдайда бұл процестің тез жүретінін зерделеді. Барынша тиімді биокатализатор концентрациясын алу үшін оны қымыздық қышқылы кездесетін қоректік ортаға түрлі арақатынаста енгізіп көрген екен. Бұл бағыттағы тәжірибе 30 °C температурада жүргізілгенін әрі ерітіндінің жоғары жылдамдықпен ұдайы араластырылғанын айта кету керек. Тәжірибе барысында белгілі болғандай, егер ерітіндідегі қышқыл концентрациясы артса, оның қышқылды жою жылдамдығы артқан. Ғалымдар биокатализаторды бір емес, бірнеше мәрте пайдалануға болатынын да дәлелдеп берді.

0 пікір
Мұрағат