Бронның өзінен өтіп кететін оқты тоқтататын материал жасалды (видео)
Бронның өзінен өтіп кететін оқты тоқтататын материал жасалды (видео)
3 жыл бұрын 1283 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандар бұл бағыттағы арнайы жүргізілген тәжірибе барысында 7,62 мм калибрлі бронды тесіп өтетін оқты металл көбігінің кесегіне атып көрді. Нәтижесі ғалымдардың өзін қайран қалдырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы  Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары 2016 жылы металл көбігінен пластин жасап, оны оқпен талқандап көруге тырысқан еді. Оқ пластинді сәл зақымдағаны болмаса тесіп өте алмады. Авсан Рабиейи есімді профессор жетекшілік еткен тәжірибе кезінде оқтанн пайда болған ойықтың тереңдігі 8 миллимтерден аспады. Бронепластин, тіпті, оқтан пайда болатын ойық тереңдігі 44 миллимтер болса да жақсы сауыт немесе қалқан деп есептеледі. Ол ол ма, металл көбігінің пластины тек оқты тоқтатып қоймай, сонымен қатар, рентген сәулесін де өткізбеген. Бұл жаңалық өз кезегінде ғарыш скафандрасын әлдеқайда радиациядан қорғайтындей ететін жаңалық.

0 пікір
Мұрағат