Британиялық ғалымдар D дәруменіне бай жаңа қызанақ түрін шығарды
Британиялық ғалымдар D дәруменіне бай жаңа қызанақ түрін шығарды
3 жыл бұрын 1929

Англияның Жон Иннес зерттеу орталығының Профессор Кати Мартин бастаған ғалымдары гені өзгертілген жаңа қызанақ жасап шықты. Бұл жайында gylym.kz мәлім етеді. 

D дәрумені (витамин) адамға өте қажетті витаминдердің бірі болып саналады. Бізге D витамині әдетте  тағамнан келеді немесе теріге түскен күн сәулесінің әсерінен денеде өздігінен түзіледі. Бірақ көптеген тағамдарда (көкөністерде) D дәрумені аз, оның үстіне қыста немесе қатты күн түспейтін жерлерде дененің оны табиғи түрде өндіруі қиын.

Сондықтан адамға пайдасы көбірек болсын деп қызанақтың генін өзгертіп, құрамындағы D витаминін көбейттік дейді ғалымдар. 

Осы жерден қосымшалай кетсек, күніне ересек адамға 10 микрогам витамин D қажет болады. Дәл осы мөлшердегі D дәруменін 200 грам қымыз немесе 130 грам ірімшік, немесе немесе 1.2 литр сүт ішіп толықтай аласыз. Сонымен бірге, витамин D майда еритін витаминге жатады. Сондықтан ол майлы тағамдардан келеді. Ал майлы ет (әсіресе жылқы еті) жей алмасаңыз, немесе веган болсаңыз онда жаңағы гені өзгертілген қызанақ жеп   D дәруменін толықтасаңыз болады.

Қысқасы витамин A, витамин D, витамин E, витамин K бұлар майда еритін витаминдерге жатады, яғни тек майдан келеді. Сондықтан, майлы ет жемейтін қазақтар бұл витаминдерді тек дәрімен толықтамаса басқа амалы жоқ. 

Генетика саласының маманы болсаңыз, жоғарыдағы мақаланың толық нұсқасымен танысқыңыз келсе міне: DOI: 10.1038/s41477-022-01154-6 

0 пікір
Мұрағат