Брайл қарпін аудиоға айналдыратын қосымша жасалды
Брайл қарпін аудиоға айналдыратын қосымша жасалды
3 жыл бұрын 3285 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Деректерді өңдеу әрі талдау жөніндегі үнді маманы Бхавеш Бхатт зағиптарға арналған Брайл қарпін дыбыстық жазбаға айналдыратын қосымша жасады. Бұл жайында islam.kz порталы indiatimes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ол Брайл қарпін (шрифт) мәтінге және дыбысқа жоғары дәлдікпен аударатын қызметті жасау арқылы NVIDIA-ның GPU (графикалық процессорының) өңдеу қуатын арттырды. Осылайша 2013 жылғы B.Tech жобасы аясында үнді маманы Брайл қарпінің прототипін жасап шығарды. Аталмыш қосымшаның Брайл қарпін мәтінге немесе дыбысқа айналдыру дәлдігі - 95%. «Брайл қарпімен қалай жұмыс істеу принципін түсіну үшін рельефті көз алдыңызға әкеліңіз. Сізде үш жол және екі бағанды тор бар делік. Белгілі бір түймені басу арқылы соқыр адам оның 3 саны екенін түсінеді ... және осылай кете береді»,- деп түсіндірді ол. Үнді маманы осы жүйеге негіздей отырып, машиналық оқу технололгиясының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, аталған қосымшаны, дәлірегі, Google Assistant немесе кез келген дауыс көмекшісі арқылы смартфон камерасын Брайл қарпіне бағыттаған кезде мәтінді оқитын қолданбаны жасаған. Оның айтуынша, аталмыш қолданба немсесе қосымша дайын, алайда, Google Assistant секілді құралдармен өзара әрекеттесуге арналған интерфейске қол жеткізе алмай жүр, қазіргі уақытта оның қолданбасы Брайл қарпін аудиоға айналдыратын құралды ғана пайдалану мүмкіндігіне ие, десе де Android-қа арналған қосымша қалай дайын болады, солай «бастапқы кодты ашуды» жоспарлап отыр. Ол өзінің қолданбасын тексеріп көрген екен – көзі көрмейтін зағиптермен. Көп ұзамай Google Play-да аталмыш қосымшаның пайда болатынына уәде беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат