Бір шақырым қашықтан жасырулы обьектінің орнын анықтай алатын лазер жасалды (видео)
|
Қытай ғалымдары бір шақырым қашықтан жасырулы обьектінің орнын анықтай алатын лазер ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ғылым және технология жоғарғы оқу орнының ғалымдары Шанхай қаласындағы университет қалашығында манекенді 1,43 шақырым қашықтықтағы қалқаның артына жасырып, тәжірибе жүргізіп көрді. Содан соң импульсті лазерді ғимарат ішіне бағыттаған. Содан соң лазер жан-жағына шашырай бағытталған. Жарықтың кей бөлшектері немесе фотондар манекенге тап болған, содан кейін қабырғаға шағылысып, кері серпілгеннен соң датчикке тап болған. Мамандар фотондарға бөлменің түкпір-түкпіріне шашырап, кері серпілуге қанша уақыт кететінін есептеді. Бұдан бөлек, манекендердің қабырғадан қаншалықты алыс орналасқанын да қаперге алған. Бұрынғы бұл тарапта жүргізілген тәжірибе кезінде үш метр қашықтықтағы обьектіні ғана таба алған еді. Өйткені, қоршаған ортаның жарығы датчикті шатастырған болатын. Ғалымдардың айтуынша, тікелей көрінетін аймақтан тыс визуализация (NLOS) әдісін қорғаныс саласынан бастап, қоғамдық орындарды тәртіп сақтауға дейінгі барлық салада қолдануға болады. Әсіресе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті тәсіл, соның ішінде әскерилер NLOS әдісін жаудың жасырынған жерін анықтау, төтенше жағдай кезінде құтқару операцияларында жоғалған адамды іздеу секілді мақсаттарда қолдануға қолайлы.