Бір реттік ылғалды сулықтар түрлі инфекция ауруын тудырады
|
Baq.kz-тің хабарлауынша, 40 жылдан астам уақыттан бері бір реттік ылғалды сулықтар күнделікті күтім кезінде және сәбилер мен одан үлкен жастағы балалардың тері гигиенасы үшін пайдаланып келеді. Содан бері ата-аналар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері балаларға арналған ылғалды сулықтарға жөргекті ауыстыру кезінде сәбидің терісін тазартуға арналған үйреншікті өнімді қолдануда.
Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша дымқыл қолсүрткіштердің адам денсаулығына пайдасынан гөрі қатері басым болып шықты. Мұндай жаңалықты алғаш рет Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің ғалымдары анықтады. Олардың айтауынша, бір реттік ылғалды сулықты тұрақты пайдалану түрлі инфекция ауруларын тудыратын көрінеді.
Ғалымдар мұндай ылғалды сулықты емханаларда мүлдем қолданбауға кеңес береді. Неге десеңіз адам денесіндегі бактериялармен қатар пайдалы микроорганизмдерді де жойып жіберетіні анықталды. Әсіресе емханадағы иммунитеті әлсіз пациенттер үшін бұл дымқыл сүрткіштерді қолдану қатерлі болып табылады. Соның салдарынан иммундық жүйе жұмысы әлсіреп, адам жиі ауруға шалдығатын көрінеді.
Сондай-ақ, күнделікті үй шаруасында бұл дымқыл сүрткіштерден мүлдем бас тартқан жөн. Себебі, ол пайдалы микроағзаларды жойып, инфекцияға шалдығу көрсеткішін арттырады.