|
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
|
Қытай алғаш рет өзінің Atlas дрондарын басқару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін толық көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Global Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бірегей жүйе арқылы ұрыс алаңында дрондар үйірін қолданудың кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, автономды үйлестіруді, жоғары дәлдіктегі шабуылды және жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің дәйекті деңгейін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы соғысты өзгертетін алгоритмдік технологиялардың қалай қарқынды дамып келе жатқанын паш етті. Қытайда әзірленген жүйеге Swarm-2 құрлықтық әскери машина, командалық машина және қамтамасыз ету машинасы кіреді. Жарияланған кадрларда іске қосу қондырғысында China Electronics Technology Group корпорациясының логотипін байқайсыз. Swarm-2 құрлықтық әскери машинасы алғаш рет Шухайда (Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясы) өткен Airshow China 2024 авиасалонында жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Мұндай бiр машинаның өзі ұшақ үлгiсiндегi 48-ге дейiн ұшқышсыз ұшатын аппараттарды алып жүруге және ұшыруға қабiлеттi, ал бiр командалық машина бiр мезгiлде 96 дроннан тұратын топты басқара алады. Әрбір ұшқышсыз ұшатын аппаратқа тән түрлі міндеттер жүктелген - оптикалық-электрондық барлаудан бастап соққы беретін құралдар мен байланыс ретрансляторларына дейін жарақтандырылған және күрделі міндеттерді орындауға қабілетті көп функционалды үйірді қалыптастырады. Бұл ретте Swarm-2 машинасы әрбір үш секунд сайын бір-бір дроннан шығара отырып, ұшыру аралығы үш секунд болатын механизмді пайдаланады - бұл уақыт аралығы әрбір дрон үшін қауіпсіз қашықтық пен ұшу траекториясын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, дронның ұшу түрі операцияның міндеттеріне байланысты реттеледі. Барлау дрондары бірінші болып деректер жинау үшін ұшырылуы мүмкін, одан кейін – қарсыласты сигналын басу үшін радиоэлектрондық күрес аппараттары, содан кейін соққы беретін дрондар ұшырылады; мұның өзі дрондардың іс-қимылдарын түрлі әскери сценарилерге, яғни, майдаг даласындағы ахуалға қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, жылдамдығы жоғары дрондар аз уақытта тығыз топтасып, тапсырманы дәл орындайды. Бұдан бөлек, олар қоршаған ортаның жағдайын ескере алады, мысалы, ауа ағынының қарқынын есептеп, әуеде бағытынан жаңылмайды, бағдарынан ауып кетпейді немесе алдынан кедергі немесе тосқауыл кездессе айналып өте алады. Үйірде басқару алгоритмдері әрбір ұшқышсыз ұшу аппаратына өзара ақпарат алмасуға, өзара байланысты қолдауға және нақты уақытта келісілген сапты сақтау үшін өз жағдайын түзетуге мүмкіндік береді. Дрондар үйірмесі бірінде жоқты басқасының қабілетімен толықтырып, тиімді әрекет ете алады.