Бір минут ішінде «эмоционалды» құлтемірлердің мың данасы сатылып кетті
|
Жапонияда адам секілді күліп, қайғыра алатын (имитация) құлтемірлердің мың данасы бір минуттың ішінде өтіп кетті. Pepper құлтемірін Softbank компаниясы жасап шығаруда. Бұл құлтемір саудаға шығарылғанымен оған тапсырыс қабылданбайтыны айтылған екен Softbank компаниясының сайтында. Келесі рет қашан саудаға шығарылатыны осы айдың ішінде хабарланатын болады.
«Pepper — адамдармен бірге өмір сүруге арналған құлтемір. Алайда, ол үй жинамайды, тамақ дайындамайды, бәлендей бір артықша қабілеті де жоқ. Pepper — әлеуметтік құлтемір. Ол сізбен әңгімелесіп, жалғызсыратпайды, өз бетінше қозғалып, дербес өмір сүреді. Кәдімгі адамдар секілді»,- деп айтылған екен жарнамасында. Ол тек эмоциясын ғана білдіріп қоймай, сіздің сезіміңізге ортақтаса да алады (генерирует).
Олар қажет болса, сазгер де, мұғалім де, актер де бола алады.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында үш жүз құлтемір саудаға шығарылған екен, сатып алушылардың көп болғаны сонша, жеребе тастауға тура келген. Оның бір данасының құны шамамен 1600 доллар болады. Аталмыш компания ай сайын оның мың данасын сатуды жоспарлап отыр.
Дінсіздік пен қатыгездік осындай роботтардың көмегіне итермелейді.