Бір минут ішінде ауадан су алатын құрылғы жасалды (видео)
Бір минут ішінде ауадан су алатын құрылғы жасалды (видео)
11 күн бұрын 572 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ауадан аз уақытта тікелей ауызсу алуға мүмкіндік құрылғы жасады. Бұл жайында islam.kz порталы news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей құрылғының ең басты артықшылығы - қолданыстағы осындай құрылғыларға қарағанда 45 есе тиімді. Шағын әрі ықшам құрылғы шөлді және шөлейт аймақтарда ауызсудан тарықпауға көмектеседі. Атмосферадағы ылғал - тұшшы су көздерінің бірі ретінде қарастырылады. Әдетте ауадан су алу үшін арнайы сүзгілер (мәселен, ылғалды сіңіретін губкалар немесе гидрогел) пайдаланылады. Мұндай құрылғылар ауаудан ылғалды сіңіріп, ұзақ уақыт қыздырады. Қыздыру үшін күннің жылуы немесе электр пайдаланылады. Сол себепті, бұл процесс айтарлықтай ұзаққа созылады әрі энергияны көп тұтынады. Ал Массачусет технологиялық институтының (Америка құрама штаттары) әзірлеген құрал ультрадыбыстық толқындарды судың булануын сағаттап күту орнына «сілкілеу» үшін пайдаланады. Құрылғының жұмыс істеу принципі кернеу беру кезінде адам үшін естілмейтін жоғары жиілікті тербелістерді (> 20 кГц) тудыратын керамикалық сақина түріндегі пьезоэлектрлік жетекке негізделген. Тіпті, шағын көлемді күн панелі де қуат алуға жарайды. Ультрадыбыстың дірілі су молекулалары мен сорбенттің белсенді орталықтары арасындағы әлсіз байланыстарды бұзады. Олар іс жүзінде су тамшыларын сыртқа «сілкіп» алады. Бөлініп шыққан ылғал микросопла арқылы өтіп, резервуарға, яғни, ыдысқа жиналады. Содан соң санаулы минуттар ішінде дайын болған суды іше беруге болады.

0 пікір
Мұрағат