Бір бүйірімен ұйықтау нейродегенеретивті аурулардың алдын алуға көмектеседі
Бір бүйірімен ұйықтау нейродегенеретивті аурулардың алдын алуға көмектеседі
3 жыл бұрын 2133 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бір бүйірлеп ұйықтау глимфатикалық клиренстің - миды қалдық өнімдерден табиғи тазарту процесінің тиімді жүруіне ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversationъ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бір бүйірлеп ұйықтау амиотрофиялық бүйірлік склероздың, Паркинсон мен Альцгеймер және өзге де нейродегенеретивті аурулардың даму қаупін азайтады. Австралиялық ғалымдардың тұжырымы – осындай. Ғалымдар TDP-43 ақуызын өңдеу арқылы ALS-пен (амиотрофиялық бүйірлік склероз) күресу жолдарын іздеді. Тәжірибелердің бірінде ұйықтап жатқан кеміргіштер дененің қай позициясында глимфатикалық клиренс жылдамдығы жоғары екенін анықтау үшін МРТ-дан, яғни, магнитті-резонансты томографиядан өтті. Шалқасынан немесе етпетімен емес, бүйірімен ұйықтау ең тиімді позиция болып шықты. Неліктен бұлай екені әлі белгісіз. Мүмкін, мәселе гравитациямен, кейбір ми тіндерінің қысылуымен және созылуымен байланысты болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат