Бір айдай жерге қонбай интернет тарататын беспилотник сынақтан сәтті өтті
Бір айдай жерге қонбай интернет тарататын беспилотник сынақтан сәтті өтті
3 жыл бұрын 2176 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Airbus компаниясы Airbus Zephyr ұшағын сынақтан өткізді: аппарат әуеде үш аптадай қалықтады, яғни, осынша мерзімде жерге бір қонған емес. Орташа есеппен алғанда электрмен жұмыс істейтін ұшақтар әуеде 26 күнге дейін бола алады. Бұл жайында islam.kz порталы news.sky.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сынақ барысында Airbus Zephyr әуеге алты рет көтерілді, оның екеуінде стратосфера қабатына дейін  көтерілді. Coңғы ұшқанында 18 күн бойы жерге қонбады. Airbus компаниясының өкілдері өздерінің бұл аппараты бір ай бойы әуеде қалықтай алатынын жеткізді. Беспилотниктердің негізгі міндеті – интернет тарату. Airbus Zephyr ұшағы, сондай-ақ, ықтимал табиғи апаттарды, соның ішінде орман өрті мен мұнайдың төгілуін қадағалайды. Беспилотник әуеде ұзақ уақыт бойы қалықтауына мыналар себеп: оның корпусының көміртекті талшықтан жасалғаны, сондай-ақ, галлия арсенидінен жасалған күн панелдерімен қапталған, ұзындығы 28 метрге жететін қанаты (әр шаршы метріне қуаты 350 ватты құрайды). Нәтижжесінде аппарат 0,6 аттың күші бар қозғалтқышын іске қосатын жеткілікті энергия өндіре алады. Алынған энергия лития-ионды наноөткізгіш батареяда сақталады. Airbus мамандары хабарлағандай, аппараттың ұшу уақыты үш айға дейін, кейін жарты жылға дейін ұзартылатын болады. Бұған қоса, ең басты артықшылығы – аппарат спутникке қарағанда арзанға түседі әрі табиғатқа кері әсері немесе зияны аз тиеді.

0 пікір
Мұрағат