Биологтер мүйізгекті қанатқа айналдырды
Биологтер мүйізгекті қанатқа айналдырды
2 жыл бұрын 1334 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцариялық ғалымдар бройлер тұқымды тауықтардың бір ғана генін белсендіру арқылы құстардың табандарында қауырсын өсіре алған, дәлірегі, табанның қабыршақпен жабылған аймақтарында өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі терінің бір туындысынан екіншісіне эволюцияның өте жылдам және оңай өтетінін дәлелдеді. Плакодтар (арнайы қалыңдатқыш) пайда болғаннан кейін эмбрионда қауырсын, мүйізгек, шаш және басқа да ұқсас құрылымдар қалыптасады. Бұл ағзалардың дамуы SHH (Sonic Hedgehog) сигналдық жолының ақуыздарымен бақыланады. Ғалымдар балапан эмбриондарының қан айналымы жүйесіне SHH ақуызын белсендіретін SAG молекулаларын енгізген екен. Нәтижесінде балапан табандары қауырсын пайда болған.

0 пікір
Мұрағат