Биологиялық ырғақ та адам жадысына әсер ететін болып шықты
Биологиялық ырғақ та адам жадысына әсер ететін болып шықты
1 жыл бұрын 1303 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилвания университетінің ғалымдары тәуліктік ырғақты (биологиялық ырғақ) реттеуде басты рөл атқаратын геннің есте сақтау қабілетінің қалыптасуына да ықпал ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Neuropsychopharmacology ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Циркадты ырғақ - күн мен түннің өзгеруіне байланысты түрлі биологиялық процестердің қарқындылығының кезеңдік ауытқуы. Аталмыш ырғақ адам ағзасындағы көптеген процестерді басқарады және гормондардың өндірісіне, дене температурасына және мидың белсенділігіне әсер етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында тәуліктің екі мезгілінде, дәлірегі, күндіз және түнде кеміргіштердің есте сақтау қабілеті сынақтан өткізілді, содан кейін есте сақтаумен байланысты ми аймағында белсенділігі өзгеретін гендерді анықтады. «Тәжірибе кезінде тапсырманы күндіз орындаған тышқандар түнде орындаған тышқандарға қарағанда жадысы жаақсы нәтиже көрсетті. Біз есте сақтау қабілетінің бұл ерекшелігі немен байланысты екенін анықтауға ден қойдық», деді зерттеу авторлары. Организмнің тәуліктік ырғағын реттеуге қатысатын per-1 генінің күндіз есте сақтау қабілетін жақсартуда маңызды рөл ойнайтын болып шықты.

0 пікір
Мұрағат