Білімнің адам ғұмырын қаншалықты ұзартатыны есептелді
Білімнің адам ғұмырын қаншалықты ұзартатыны есептелді
2 күн бұрын 486 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар білім деңгейінің адам өміріне қалай әсер ететінін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вашингтон университетіне қарасты медицина мектебінің денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (IHME) ғалымдары 2000-2019 жылдар аралығында Америка құрама штаттарының 3110 округінде 25 жаста қос жыныстың өмір сүру ұзақтығындағы білім деңгейіне қарай орын аалатын айырмашылықтарды алғашқы болып зерттеді.

-        Жоғарғы білім алғандардың ғұмыры 2,5 дылға ұзарған, яғни, 84,2 жасқа дейінт артқан;

-        Аяқталмаған жоғары білім алғандардың ғұмыры 0,7 жылға ұзарған, 82,1 жасқа дейін ұлғайған;

-        Орта  мектепті бітіргендердің ғұмыры – 0,3 жылға артып, 77,3 жасқа дейін ұзарған;

Жоғары білім алғандардың жұмысқа тұру, соның ішінде денсаулыққа қауіп-қатері аз, жалақысы мол жұмыс табу мүмкіндігі кең болып шықты.

0 пікір
Мұрағат