Бетонды басып шығаруға арналған 3D технологиясы құрылымның салмағын 72%-ға азайтады (видео)
Бетонды басып шығаруға арналған 3D технологиясы құрылымның салмағын 72%-ға азайтады (видео)
2 жыл бұрын 1351 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мичиган университетінің (АҚШ) ғалымдары бетоннан ғимараттың күрделі әрі жеңіл элементтерін басып шығаратын технологияны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Америкалық зерттеушілер өте жеңіл әрі экологияға зиянсыз, яғни, қалдықсыз бетон жасау әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс классикалық материалдан жасалған бірдей өлшемдегі өнімдермен салыстырғанда дайын құрылымның салмағын 72% -ға азайтады. Аталмыш технология 3D принтерінде басып шығаруды қамтиды. Бетонды 3D принтерінде басып шығару немесе 3DCP үшін дәстүрлі тәсілдер құрылысты цифрландыруға және бетонды тұтынуды азайтуға бағытталған. Алайда, бұл тәсілде тек ортогоналды қабырғалар сияқты қарапайым құрылымдарды басып шығаруға мүмкіндік беретін геометриялық шектеулер бар. Инженерлер бұл бағытта топологияны оңтайландыру ісін бетонды басып шығарумен тиімді біріктіретін есептеу дизайнын және роботты 3D басып шығару технологиясын пайдаланды. Топологияны оңтайландыру – тіректер үшін беріктік немесе салмақ сияқты өлшемдерге негізделген ең тиімді материалды бөлуді қамтитын әдіс. Зерттеушілер топологияға оңтайландырылған бөліктердің пішіні мен геометриясына негізделген жазық емес және айнымалы материалды тұндыруды біріктіретін есептеу моделін жасады. Бұл әдіс материалды құрылымдық мақсаттар үшін қажет жерде дәл орналастырып, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, бұл жаңалықтың артықшылығы немесе өзгешелігі неде? Қарапайым тілмен айтқанда, басы артық құрылыс материалдарынан арылуға көмектеседі, дәлірегі, әлдеқайда сапалы әрі шығыны төмен, қауіпсіз конструкцияны жасауға мүмкіндік бермек,

0 пікір
Мұрағат