Беріктігі бетонға бергісіз шыны кірпіш құйылды (видео)
|
Массачусет технологиялық институтының (MIT, Америка құрама штаттары) инженерлері 3D принтерінде шыны кірпіш басып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы link.springer.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Блоктар бетон сияқты берік болып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды LEGO сияқты құрастырып, бөлшектеуге болады. Бұл жаңалық өз кезегінде құрылыс саласының тың мүмкіндіктерін ашады. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, зерттеу тобы MIT-тің Evenline спин-офф компаниясы әзірлеген арнайы 3D шыны басып шығару технологиясын пайдаланды. Бұл технологияны қолдана отырып, олар бір-біріне оңай сәйкес келетін сегіздік пішіндегі көп қабатты шыны кірпіштерді құйды. Басып шығару процесі ұсақталған шыны бөтелкелерді арнайы пеште балқытуды, содан кейін балқытылған әйнекті белгіленген үлгі бойынша қабаттап жағуды қамтиды немесе ұйғарады. Құрылыс индустриясында материалдарды өндіруге, пайдалануға және кәдеге жаратуға байланысты атмосфераға парникті газдарды көп бөледі. Жаңа шыны кірпіштер экологиялық таза балама болады: оларды ғимараттың қызмет ету мерзімінің соңында оңай бөлшектеуге және жаңа құрылымдарда қайта пайдалануға немесе жаңа пішіндерді жасау үшін балқытуға болады; бұл технология жаңа материалдарды өндіру қажеттілігін айтарлықтай азайтады.