Белгілі бір ультрадыбыс жиілігімен обыр жасушаларын жоюға болатын тәсіл
Белгілі бір ультрадыбыс жиілігімен обыр жасушаларын жоюға болатын тәсіл
5 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калифорния технологиялық институтының ғалымдары қарқыны төмен ультрадыбыстық толқын арқылы қатерлі ісік жасушаларын жоюдың тың әдісін ұсынып отыр. Осыған дейін обыр жасушаларымен күресте өз тиімділігін көрсеткен еді – қарқыны жоғары ультрдыбыстық толқын (HIFU). Оның әсерінен қатерлі ісік жасушалары қызып жойылған болатын. HIFU әдісінің басты кемшілігі – ол қатерлі ісік жайлаған жасушаларды ғана емес, сонымен қатар, жолындағы сау жасушаларды да зақымдаған болатын. 2016 жылдың үздік тәсілі ретінде белгілі бұл әдіс турасында Калифорния технологиялық институтының ғалымдары  Майк Ортис және Стефани Хейден Journal of The Mechanics and Physics of Solids мерзімді басылымында мақала жариялап, сау әне обыр жасушаларын талғап беретін жиілік арасындағы айырмашалықты көрсететін математикалық моделді жасағандарын жария еткен болатын. Терория бойынша мұны былай түсінуге болады: дәл бағытталған дыбыс толқыны обыр жасуша ядросының мембранасын вибрация тудыру арқылы жарады. Ал сау жасушаларға зақым келмеуі тиіс. Десе де бұл зерттеу әлі бастапқы кезеңінде болғандықтан аталған әдіс тек өсімдік жасушасында қолданылған еді. Енді оны қатты қатерлі ісікте, содан соң жануардың организімінде, содан кейін барып онкологиялық ауруға шалдыққан адамдарға қолданып көреді.

0 пікір
Мұрағат