Бактерияның антибиотикке төзімділігінің бір сыры ашылды
Бактерияның антибиотикке төзімділігінің бір сыры ашылды
5 жыл бұрын 3590 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бактерияның антибиотикке төзімділігінің бір қырын - өзге бактерияларға ескертуші сигнал жібере алатын қабілеті барын анықтады. Бұл жайында америкалық микробиология қауымдастығының Journal of Bacteriology мерзімді басылымы хабарлады. Копенгаген және Калифорния университетінің  ғалымдары Pseudomonas aeruginosa бактериясына тәжірибе жүргізіп көрген екен. Ғалымдарды бактерияның антибиотик пен бактериофаги (бактерияны зақымдайтын вирус) бар жерді айналып өтетіні, яғни, бактерияның «қауіпті аймаққа» жоламай, оның айналасында тура мағынасында жүзіп жүретіні таңқалдырған еді. Осылайша бактериялардың қандай да бір жолмен бір-біріне сигнал жіберіп, қауіпті ескертетініне көз жеткізген болатын. Антибиотикорезистенттік «қабілетке» ие болған инфекциялар бүгінгі таңда адам денсаулығына қауіп төндіретіндіктен олардың антибиотикке төзімділігінің сырын білудің маңызы зор. Антибиотикке төзімділігінің тетігін білу арқылы қауіпті инфекцияларды қоздырғыштармен тиімді күресудің жолын табуға болады. Ол ол ма, ғалымдар инфекцияның қоздырғыш бактерияларының иммундық жүйенің тауып алуынан қашып әрі антибиотикке қарсы тұру үшін формасын өзгертетініне де көз жеткізген болатын.

0 пікір
Мұрағат