Бактериялардың дәріге төзімділігін қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме (видео)
Бактериялардың дәріге төзімділігін қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме (видео)
3 жыл бұрын 4434 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемнің маңдайалды жоғарғы оқу орындарынан мәртебесі мен беделі кем түспейтін Лондон империялық колледжі мен Ханшайым Мария университетінің ғалымдары конъюгацияның (дәріге төзімділігін қалыптастыру үшін бактериялардың өзара бір-бірімен ДНҚ-ны алмасу процесі) негізгі компоненттерін бейнеледі. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта 3D-форматында бактерияның дәріге төзімділігін қалыптастыратын процесті визуалдай (көрініске айналдыра) алған. Бактериялар конъюгация кезінде генетикалық ақпарат (генетикалық ақпарат ДНҚ фрагменті секілді көрінеді) алмасады. Ғалымдар мұндай қадамға бактериялардың дәріге төзімділігін қалыптастыратын процесті тоқтатудың жолдарын іздестіру үшін барып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, конъюгация процесі 1940-шы жылдардан бастап зерделене бастады. Алайда, осы уақытқа дейін атомдық деңгейдегі тетіктері осы уақытқа дейін белгісіз болып келген еді. Криоэлектронды микроскопиялық кескіндер көресткендей, сыртқы мембрана өзегінің кешені ақуыздардың екі концентрлі сақиналардан тұрады. Бұл құрылымның икемділігі жоғары. Міне, осы құрылым генетикалық ақпаратты алмасуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат