Бактерия адамның көңіл күйін қалай басқарады немесе микроорганизмнің тағы бір қызметінің қандай екені белгілі болды
Бактерия адамның көңіл күйін қалай басқарады немесе микроорганизмнің тағы бір қызметінің қандай екені белгілі болды
4 жыл бұрын 3340 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, адам организмі пайдалысы бар, зияндысы бар, түрлі бактериялар мен микробтарға толы. Олардың барлығы адам денсаулығына жағымды әсер ете бермейді, кейбіреуі аллергиялық реакция тудырып, түрлі аурулар ошағына айналып жатады. Кейінгі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, олардың кейбіреуі түрлі қабынуларға себеп болып қана қоймай, сонымен қатар, адамның психикалық жай-күйіне де теріс әсер етіп жатады. Осы орайда адам мен жануарлардың ішегі ми секілді қызмет атқаратынын айта кету керек, түрлі қоректік ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бұл адамның көңіл күйіне, жүйке жүйесінің қызметіне тікелей әсер ететін факторларды қалыптастырады. Оның үстіне, адамның өзге ағзаларына қарағанда ішек түрлі бактериялар мен микробтардың ошағы саналады. Яғни, адамның өзге ағзаларына қарағанда осы ішекте бактериялар мол шоғырланған. Жоғарыда бактериялардың адамның көңіл күйіне тікелей әсер ететіндігі жөнінде айтып қалдық. Мәселен, таяуда ғана табылған, ресми түрде KLE1738 деген атау берілген микроскопиялық организмді алайықшы – олар өмір сүруі үшін гамма-аминобутир қышқыл бөлігімен қоректенеді. Мұндай заттың тек адамның ғана емес, сонымен қатар, өзге де сүтқоректілердің организімінде бөлінетінін айта кету керек. Аталмыш қышқыл орталық жүйке жүйесінің қозуын басады. Яғни, организмді сабасына түсіреді. Егер аталған қышқыл мейлінше төмендесе, адам күйзеліске бой алдыруы мүмкін немесе өзге де психикалық өзгерістерді бастан кешіруі ықтимал.

0 пікір
Мұрағат