Бағдаршамның орнына «лазерлік дуал» пайда болуы мүмкін
Бағдаршамның орнына «лазерлік дуал» пайда болуы мүмкін
10 жыл бұрын 5375

Кәріс дизайнері Ли Ханьюн көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің бағдаршамның қызыл жанғанын байқай бермейтінін аңғарған екен. Жол-көлік апатына көбіне «электронды реттеушінің» сигналын көлегейлеп тастайтын өсіп кеткен тал-ағаштар мен тоқтап тұрған көліктер себепкер болуы мүмкін. Жол бойындағы осындай қолайсыздықтарды ескерген дизайнер лазерлік бағдаршам орнатуды ұсынды. Дәлірегі, қызыл түстің голографиялық картинасын көрсететін тұтас бір «виртуалды қабырғаны» орнатуды ұсынды. Виртуалды кедергі болғанымен одан ағызып өтіп кету оңай емес әрі жарық «дуал» кез келген қолайсыз ауа райында да көмескі тартпайтын болады. Ұсыныс авторының сөзіне қарағанда, бүгінгі бағдаршаммен салыстырғанда бұл жобаға кететін шығын мөлшері өте аз, яғни, энергияны көп үнемдеуге мүмкіндік болады. Алайда, «виртуалды дуалға» қарсы пікір білдірушілер де табылды. Олардың уәжіне құлақ түрсек, «STOP» жазуын көрсетіп тұрған кезде оның тұсынан өткен жаяу жүргінші бұл жазудың көрінуін айтарлықтай шектеп тастайтын көрінеді. Яғни, адам бұл жазуды қалқалап тастайтындықтан, көлік жүргізушілердің оларды қағып кету қатері жоғары.

Ғалымдар алғаш рет ақ түсті лазер ойлап тапты

Америкалық ғалымдар ақ түсті болып тарайтын лазерді ойлап тапты, деп жазады planet-today.ru.

 Бұл өнертабыс нанотехнологияға негізделген. Оны үстел шамдарында, дисплейлер мен лазерлі Wi-Fi үшін қолдануға болады.

Қарапайым лазер монохромды болып келеді. Ал ақ түсті лазер қызыл, жасыл, көк түстерді үйлестіру арқылы алынды. Қалыңдығы бірнеше нанометрлік бет үшін ZnCdSSe құймасы пайдаланылды. Зерттеу жұмыстарын АҚШ әскерилері қаржыландырған, деп хабарлады 24.kz.

0 пікір
Мұрағат