Аяздың адам ағзасына пайдасы мен зияны
Аяздың адам ағзасына пайдасы мен зияны
8 жыл бұрын 10879

Адамдардың бәрі бірдей суықты жақтыра бермейді. Күн қатты суытқанда аса бір қажеттілік болмаса, үйде отырғанды жөн көреді. Ал АҚШ-тың ғылыми қызметкерлерінің пайымдауы басқаша: аяздың адам ағзасына зияны мен қоса пайдасы да бар. Біріншіден, қыс мезгілінде қақаған аязда серуен құруға болмайды, аяздың беті қайтқанда ғана аз уақытқа серуендеуге болады. Десе де, қыс мезгілі адамның терісіне жағымды әсер етеді, өйткені, қыста ауадағы оттегі жазғы мезгілге қарағанда отыз пайызға артық болады. Басының сақинасы бар және жүрегі ауыратындар үшін де қыстың берер пайдасы мол. Ең бастысы, қыста киіміңіз тар болмауы керек, яғни, еркін қимылдауыңызға кедергі болмауы тиіс. Тіпті, аяқ киіміңіз тар болса, басшпайларыңыздың үсіп кету қаупі жоғары екенін естен шығармағаныңыз абзал. 

0 пікір
Мұрағат