|
Австралияда әлемдегі алғашқы толыққанды тері жасалды
|
Австралиялық Квинсленд университетінің ғалымдары медицинада төңкеріс жасаған ашылысқа қол жеткізді – зертханада адам терісінің барлық қабаттарын, қан тамырларын, шаш фолликулдарын және жүйке ұштарын қамтитын толыққанды үлгісін өсірді.
Бұл үлгі нағыз теріден айырғысыз.
Алты жылға созылған зерттеу нәтижесі күйік, тері ауруларын емдеу мен дәрілерді сынау тәсілдерін түбегейлі өзгертпек.
Басты жетістік – доктор Аббас Шафии бастаған топ өсірілген тінге қан тамырларын енгізе алды. Бұған дейінгі жасанды тері үлгілері тек қарапайым модельдер болса, жаңа тері өзін толыққанды қоректендіріп, дамыта алады. Бұл жетістік дің жасушаларын қолдану технологиясының арқасында мүмкін болды. Ғалымдар науқастың тері жасушаларын алып, оларды әмбебап дің жасушаларына «қайта бағдарламалап», содан кейін тері тінін де, қан тамыр жүйесін де өсіріп, біртұтас тірі органға біріктірді.
Бұл жаңалық ең алдымен қатты күйік шалған науқастарға үлкен үміт сыйлайды. Енді адамның өз жасушаларынан өсірілген теріні көшіруге болады, бұл ағзаның теріні қабылдамау қаупін жояды және сау жерден трансплантат алудың қажеті болмайды.
Сондай-ақ жаңа технология псориаз, дерматит сияқты созылмалы ауруларды зерттеуге жол ашады. Ғалымдар аурудың даму барысын табиғи жағдайда бақылап, жаңа дәрілердің тиімділігін тексере алады.
Бұдан бөлек, дәрілер мен косметиканы сынауды әлдеқайда қауіпсіз әрі этикалық етеді, жануарларға тәжірибе жасауды азайтады. Бұл – медицина тарихындағы ірі қадам, болашақта миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Өмір Шыныбекұлының Фейсбуктегі парақшасынан
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды