Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады
Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады
4 жыл бұрын 3977 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары ғылыми жаңалықтарымен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көзге түсіп жүрген Массачусет технологиялық институтының ғалымдары табиғи материалдан ауыз су алуға арналған сүзгі жасады – гүлдемейтін ағашатарды пайдалана отырып. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымы мен осынау жаңалық турасында хабар таратқан news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Шырша, гинкго секілді гүлдемейтін ағаштардың ішінде суды діңгек пен бұтақтар арқылы тартатын сабан арналармен, ксилемамен қапталған ағаш бар. Ксилема су мен шырыннан көпіршікті сүзіп алатын табиғи сүзгі ретінде алға шығатын өзара жұқа мембраналармен байланысқан. Ағашты жонып, ас ішетін ыдыс-аяқ ретінде пайдаланып жатады. Ағаштың бактерияны жоятын қасиеті бар. Ғалымдар бұл технологияны жетілдіріп, нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Ғалымдар ротавирус, ішек таяқшалары секілді патогендерді сүзіп алып қалатын ксилемдік сүзгі жасады. Зертханада жүргізілген тест нәтижесі сүзгінің бактерияларды сүзіп алатынын көрсетіп берді. Бұл ағаш сүзгі кем дегенде екі жыл бойы пайдалануға жарамды.

Ксилема судағы лас нәрселерді сүзетін өзара мембраналармен байланысқан каналдардан тұрады. Н. Р. Фуллер, Sayo Studio

0 пікір
Мұрағат