Ауруға бой алдырмайтын, құрғақшылыққа төзімді әрі өнімділігі жоғары сәбіз сорты алынды
|
BRS Carmela гибридті сәбізі бактериозға және саңырауқұлақ ауруларына төзімді және әдеттегі сорттардан екі есе жоғары өнімділікке ие: әдеттегі сәбіз гектарына 26 тонна өнім берсе, мына сорты – гектарына 60 тонна. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AgroTimes ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бразилияның Embrapa мемлекеттік компаниясы Isla Sementes компаниясымен бірігіп жүзеге асырған бұл жоба бойынша сәбіздің жаңа сорты жаз мезгілінде ыстық оңтүстік аймақтарда өсіруге арналған. Өйткені, бұл сорт құрамына Alternaria dauci және Cercospora carotae саңырауқұлағы (инфекция) кіретін қоздырғыштарды тудыратын фитофторозға, сондай-ақ, Xanthomonas hortorum pv. Carotaei бактериясына төзімді. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан сәбіз тұқымын жақсарту жөніндегі Embrapa Hortalicas (DF) ұйымының сарапшысы Анальдо де Карвальо бұл гибридті сорт осындай ауруларға төзімді келетіндіктен оны адам денсаулығына зиянды химиялық дәрілермен өңдеудің қажеті болмайды. BRS Carmela сорты, сонымен қатар, тамырлы нематодтарға төзімді. Бұл сәбіз түрі егілген сәтінен бастап 85 күнде өнім береді, кейде 115 күнге дейін созылады. Биіктігі шамамен 45 сантиметрге дейін жетеді. Тамырларының диаметрі шамамен 3,5 см және ұзындығы - 16-22 см.