|
Ауруды анықтайтын айна жасалды
|
Ғалымдар адам түрінің түсіне, мимикасына, бер терісінің майлылығына қарап аурудың алғашқы белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін ақылды айна ойлап тапты. Бұл айнаның бір қарағанда әдеттегі айнадан айырмашылығы жоқ. Десе де, ол 3D-сканермен, мультиспектралды камерамен және газды сенсормен жабдықталған. Бұл жайында «Biosystems Engineering» басылымы хабар таратты. Адамның бет-бейнесін тануға арналған бағдарлама күйзелістің нышанын немесе қандай да бір мазасыздықтың белгілерін іздейді. Ал газды сенсор адамның тыныс алуын қадағалайды. 3D-сканерге келсек, адамның салмақ қосқанын немесе салмақ тастағанын анықтайды. Бар-жоғы бірнеше минуттан кейін Wize Mirror айнасы адамның денсаулығы туралы мәлімет береді. Сондай-ақ, бұл айна адамның денсаулығын жақсарту туралы дербес кеңес береді. Wize Mirror жобасының авторы Сара Колантонионың айтуынша, адамдар осы құрылғы арқылы бойында пайда болған кесел туралы дер кезінде біле алатын болады. Аталмыш құрылғы келесі жылы, дәлірегі, 2016 жылы Италия мен Францияда сынақтан өткізіледі.