Ауадан сарымай алу жолы табылды
|
Калифорниялық Savor стартапы сары майға экологиялық таза балама әзірледі. Атылмыш компания ауадан өнім жасауды меңгерді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Savor термохимиялық процестерді қолдана отырып, сүт өнімдерін өндіруге маманданған. Бұл технология көміртегі диоксиді, көміртегі және сутегі тізбектерін түзу арқылы май молекулаларын құруға мүмкіндік береді. Компания жуырда сиыр сүтін қолданбай сары майдың жаңа түрін шығаратынын хабарлады. Стартап өз өнімін өндіруде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мал шаруашылығындағы өнімін өндіруде ауа тарайтын парникті газ мөлшеріне қарағанда әлдеқайда төмен болатынын алға тартып отыр. Яғни, экологиялық жағынан салыстырмалы түрде таза өнім ұсынады тұтынушыларға. Баламалы сары майдың калориясында көмірқышқыл газы 0,8 грамнан аз болса, жануардан алынған кәдімгі майдың құрамында (80 пайызы май) 2,4 грамм болады. Компания басшылығы мұндай майды 2025 жылдан кейін нарыққа шығаруды қолға алуда. Өнімнің дәмі кәдімгі сары майға өте жақын екені айтылған.