Ауадан отын өндіретін құрылғы пайда болды
Ауадан отын өндіретін құрылғы пайда болды
2 жыл бұрын 2072 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сутегі таза отынның әлеуетті көзі болып табылады: ол табиғатта молынан кездеседі, қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, сонымен қатар, күн, жел және толқын көздерінен алынған энергияны сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Қиындық мынада: күрделі технология элементтің жеткілікті мөлшерін өндіру, сондай-ақ, таза тұшшы суды «оқшаулау», яғни, тұшшы суды бүлдіріп алмау үшін қажет. Дәлірегі, сутегін өндіру мен тұшы суды қалпында сақтау тым күрделі технологияны қажет етеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Манчестер университетінің (Англия) және Мельбурн университетінің (Австралия) қызметкерлері ылғалды ауадан суды сутегі мен оттегіге бөлгенге дейін жинай алатын құрылғының прототипін жасап шығарды. Оның үстіне, ол тек 4 пайыз ылғалдылықта да жұмыс істей алады. Құрылғы жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр қуатымен жұмыс істейтін электролизердің прототипі болып табылады. Ол келесідей жұмыс істейді: электродтар ауадан суды сіңіретін жөке тәрізді құрылғының екі жағына орналастырылады және бір уақытта электролит үшін резервуар қызметін атқарады. Бұл тарапта жүргізілген бірқатар сынақтар құрылғының қанағаттанарлық деңгейде жұмыс істейтінін және 12 күн қатарынан өз функцияларын орындайтынын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат