Атеизм тұқым қуалай ма?
|
Бір қарағанда, бұл дені дұрыс емес адамның аузынан шығатын сауал болып көрінер. Әрі ерсі естілетіні де бар. Өткені, қазақ айтатын «бір биеден ала да туады, құла да туады»: әкесі имансыз бола тұра баласы тақуалықтың шыңына шыққандар немесе керісінше – баласы дінсіз атанып, әкесі құлшылығынан жазбаған, есебіне жету мүмкін емес қарапайым пенделерді былай қойғанда, аты айдай әлемге мәшһүр тұлғалар тарихтан белгілі. Арыға бармағанның күннің өзінде, саңлақ сахабалар өмір сүрген заманнан да мұндай мысалдарды келтіруге болады: Икриманың басындағы жағдайды көзіқарақты мұсылман жақсы білетін болса керек. Ал Финляндия ғалымдары арасында қандай байланыс барын елестетудің өзі мүмкін еместей көрінетін солақайлық пен аутизмнің және шизофренияның өзара тізбегін анықтаған. Бойында осы аталған белгілердің кем дегенде біреуі кездесетін адамның әдетте атеист болатынын байқаған. Ақылға сыймайты әрі көңілге қонбайды. Ал діндарлардың дені оңқай болып келетінін де алға тартып отыр. Былай қарасаң, ақиқаттан жырақ адамның ауытқушылыққа жақын болатынын меңзеп тұрғандай. Яғни, әу баста «табиғи» көрінетін ақиқаттан алыстап кеткендердің бойындағы кесел тұқым қуалайтындай болып көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, аутизм мен шизофрения және солақайлық белгілі бір жағдайда адам генінде орын алатын мутация салдарымен байланысты. Бұл өз кезегінде адамның сенімі мен рухани күйіне сөзсіз әсер етпек екен. Сондай-ақ, ғалымдар діндар адамдардың генінде атеистерге қарағанда мутацияның аз болғанын дәлелдеп отыр. Эдуард Даттон (Edward Dutton) бастаған ғалымдар тобы осы мақсатта 612 адамды тексеріп, зерттеу жүргізіп көрген екен. Олардың діни көзқарасы мен тылсым құбылыстарға қалай қарайтынын анықтаған. Атеизм мен аутизм арасындағы байланыс әлдеқайда мықты болып шыққан. Ал солақайлық пен атеизмнің арасындағы байланыс әлсіз. Адамның діндарлығы жан-жақты әрі кешенді зерттеуді қажет етеді. Десе де адамның тура жолға түсуіне қоршаған ортасы мен сыртқы факторлар да өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал тұқым қуалап берілетін бұл қасиеті 40 пайызды құрайды. Финдік ғалымдардың тұжырымы осындай.