Астық өнімділігі арттыратын әрі арамшөппен күресетін синтетикалық микробтарға қатысты тәжірибе аяқталды
Астық өнімділігі арттыратын әрі арамшөппен күресетін синтетикалық микробтарға қатысты тәжірибе аяқталды
11 ай бұрын 986 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы Хуажун ауылшаруашылық университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығында синтетикалық микробтық қауымдастықтарды пайдалануды ұйғаратын әрі бірнеше жылға созылған тәжірибенің нәтижелерін қорытындылады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада SynComs деген атпен белгілі, кең ауқымды функцияларды (арамшөптермен күресу, өнімділікті арттыру, өсімдіктердің қорғаныш қабілетін арттыру) орындауға қабілетті микробтар турасында сөз болып отыр. SynComs зертханада дақылдар бойында кездесетін бактериялардың өзгертілген нұсқаларынан жасалған. Ғалымдар арамшөпті жою секілді нақты мәселелерді шешу үшін олардың комбинацияларын қолдан жасайды - нәтижесінде олар қауіпті гербицидтерді алмастыратын белгілі бір қасиеттері бар микробиома түзе алады. Іс жүзінде қытай ғалымдары гербицидтер мен SynCom-ның бір-бірін толықтыратынын анықтады. Ең жақсы нәтижесі -  синтетикалық микробтардың 50% мөлшері және гербицидтердің 75% мөлшерін пайдаланғанда шығатыны бұл бағыттағы тәжірибе арысында анықталды. Бұл мөлшерлер өнім шығынын 22%-ға азайтуға көмектеседі және жәндіктерден тиімді қорғануды қамтамасыз етеді. Гербицид табиғатқа зиянды әсер етеді. SynComs гербицидке өте ұқсас - олар зиянды да, пайдалы да болуы мүмкін. Сонымен қатар, микробтық қауымдастықтар топырақтағы басқа микроскопиялық тіршілік иелерімен байланыста болған кезде көбінесе бәсекелестікке төтеп бере алмай жойылады. Сондықтан гербицидтер бәсекелес микробтардың белсенділігін басып,  синтетикалық микробтардың бәсекеде төтеп беруіне көмектеседі.

Ұқсас материал:

"Арам шөпті жоюда тиімділігі қоршаған ортаға зиянды гербицидтен кем түспейтін көбік жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aram-shopti-joyuda-tiimdiligi-qorshagan-ortaga-ziyandy-gerbitsidten-kem-tuspeitin-kobik-jasaldy-17545/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат