Асқазандағы бөтен затты алып шығатын шағын робот жасалды (ВИДЕО)
Асқазандағы бөтен затты алып шығатын шағын робот жасалды (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 2988 inform.kz

АҚШ-тың Массачусет технологиялық институтының (MIT) профессоры Даниэль Растың (Daniela Rus) командасы Жапониядағы әріптестерімен бірлесіп медициналық шағын робот жасап шығарды. Медициналық микро аппарат Халықаралық робот техникасы және автоматтандыру конференциясында таныстырылды.

«Адамның ішкі құрылыстарына пайдалану үшін бізге кішкентай, сымсыз басқарылатын роботтық жүйе қажет, - дейді Даниэль Рас. - Сыммен жалғанған роботты дененің қажетті бөлігіне жеткізу және бақылау күрделірек».
Авторлар жаңа аппаратты жасауға түрлі материалдарды байқап көрген. Олар әзірге шұжық орайтын доңыз ішегін пайдалануда. 
Микроаппарат қажетті жерге жеткізу үшін оны мұз түйірге қатырылып, оны пациент жұтады. Еріген кезде аппарат босап, қалыпты мөлшерге дейін тіктеліп, орталықтан басқарылатын тұрақты магнит көмегімен, оригами секілді, бүктеліп-жазылып қозғалады. Ғалымдар сырттан магнит қойып оның қозғалысын сырттай басқарады.
Медициналық апппарат лимон қышқылы қосылған су толтырылған жасанды силикон асқазанда сыналды. Магнит өрісімен басқарылатын шағын робот «асқазандағы» түйме батареяға сәтті жетіп, оны магнитпен ұстап, сыртқа алып шықты.

0 пікір
Мұрағат