|
Аса қауіпті вирустың адам жасушасын қалай жаулап алатынын таспаға тартылды (видео)
|
Ғалымдар ВИЧ-1 вирусының аадам жасушасына қалай жұғатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Криоэлектронды микроскопияның осы заманғы озық технологиясы патогеннің жасушаның ядролық кедергісін қалай еңсеретінін қадалауға мүмкіндік берген. Бұл бағыттағы тәжірибелер Ұлыбританияның электронды биовизуализация ұлттық орталығындағы елдегі ең ірі Diamond Light Source жеделдету кешенінде жүргізілді. Патогеннің жасушаға қалай жұғатынын моделдеу үшін зерттеушілер жасушалық мембраналардың өткізу қабілетіне нұқсан келтірген жоқ - бұл жасушаның ядросына енетін 1500-ге жуық вирустық ядроларды тіркеуге мүмкіндік берді. ВИЧ-тің жетістігі оның ядроларының пішіні мен икемділігіне, жасушаның кеуек болып келетін ядролық кешенінің бейімделу қабілетіне және оның кейбір басқа да компоненттеріне байланысты болып шықты. Ондай компоненттердің біріне ВИЧ-ті жұқтырудың ерте сатысында, әсіресе, вирустың ядроға енуі және геномға кірігу процесінде негізгі рөл атқаратын CPSF6 ақуыз жатады. Бұрын ядролық кеуек жасуша ядросының «қақпасы» саналып келген еді. Бұдан бөлек, тек белгілі бір молекулаларды ғана кіргізетін, өзгермейтін қатты құрылым ретінде сипатталатын. Алайда, соңғы зерттеу басқа нәтижені көрсетті – кеуек әлдеқайда икемділік танытатын құрылым болып шықты – вирус ядросының енуіне көмектесуі үшін пішінін өзшерте алатын, кеңейетін құрылым болып шықты. Соған қарамастан жасушаға барлық барлық вирус ядросына ене алмайды: әлсіз ядролар немесе CPSF6 ақуызымен байланыса алмағандары кеуекте немесе сыртта қалып қояды. Жасуша ядросының бұл ерекшелігі нені білдіреді? Ядролық кеуек – тек өтетін орын емес, қандай вирусты өткізетінін немесе өткізбейтінін өзі «шешетін» процестің белсенді қатысушысы. ВИЧ вирусының жұғу тетігін немесе жасушамен өзара әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін жаңалықтың қыр-сыры осындай. Адамның 1 типтегі иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ-1) 1981 жылы алғаш рет тіркелген кезінен бері жаһандық денсаулықты сақтау саласына төнген ең елеулі қатерлердің бірі болып қалуда. ОБұл жұқпалы дерт 42 миллионнан астам адамның өмірін қиды және жыл сайын миллионнан астам жаңа инфекцияларды туындатады. Алынған деректер біздің ВИЧ-1 түсінігімізді тереңдетіп қана қоймай, in situ күрделі жасушалық процестерді зерттеу үшін құрылымдық биология әдістерінің қуаты мен әлеуетін көрсетеді. Бұл зерттеу - АИТВ-ны жұқтырудың күрделі сатысын анықтаудыңжәне тоқтатудың жолдарын іздеуде маңызды қадам.