Аса қауіпті технология пайда болды...
Аса қауіпті технология пайда болды...
1 ай бұрын 674 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа технология жердегі тіршілікті өзгерте алатын қауқар мен қабілетке ие. Бұл жайында islam.kz порталы Futurism ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар нақты іске асырса, күллі жаратылысқа қауіп төндіретін, яғни, барлық биологиялық саланы апатқа ұрындыруы мүмкін гипотетикалық технологияның дамуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Кей сарапшылар бұл өзгеше технологияны «жөргегінде» тұншықтыруға шақырып отыр. Бұл арада «айна өмір» деп аталатын - барлық белгілі организмдерде кездесетін молекулаларға негізделген жасанды тіршілік формасы турасында сөз болып отыр. Шын мәнінде, бұл технология биологияның іргелі принциптерін төңкеріп тастауға қауқарлы салдары бар қауіпті технология. Жон Глас есімді синтетикалық биолог, жасанды геномы бар жасушаларды алғашқы болып жасаушылардың бірі Financial Times мерзімді басылымында жарияланған мақаласында «айна өмірге» қатаң шектеу қоюға шақыра келе күн тәртібіне аталмыш технологияны іске асыра аламыз ба деген мәселе емес, енді одан тіршілікке төнетін қауіптің бетін қайтаруға дер кезінде үлгере аламыз ба деген қатердің өзекті мәселеге айналғанын мәлімдеді. Әдетте биологиялық барлық тірі жандардың ДНК-сының оң жағында спирал болады, ал ақуыздар сол жақ орналасады. «Айна өмір» технологиясы толық кері құрылымдарды құруды ұйғарады - теориялық тұрғыдан мұндай организмдерді үйреншікті биохимиялық процестерге бейімсіз етеді. Биологтар мұндай түрлердің қатерлі келетінінен қауіптенеді: адамның иммундық жүйесі айналы молекулаларға жауап бермейді, демек, «айналы инфекция» адамда бірден ауыр иммун тапшылығы бар дерт сияқты әрекет етеді. Салдары - өлім-жітім және экожүйенің бұзылуы. Оның үстіне, залалданған аумақтар өмір сүру үшін біржола жарамсыз болып, ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстарға қауіп төндіруі мүмкін. 2025 жылдың маусым айында Париж қаласындағы Пастер институтында өткен конференцияда 150-ден астам ғалым мен биологиялық этика сарапшылары ойларымен бөлісті. Сарапшылардың айтуынша, алғашқы айналы жасуша жасалғаннан кейін айналы бактериялардың барлық түрлерін құрастыру әдеттегі іс секілді оңай болып қалады. Нәтижесінде күллі тіршілікке қауіп төнеді. Дегенмен, бұл технологияның да оң тұстары бар: мысалы, айна ақуыздары медицинада анағұрлым қуатты немесе тиімді дәрілерді әзірлеу үшін қолданылады. Айна өмір технологиясының осы пайдалы жағын ескерген Жон Глас аталмыш технологияға біржола тыйым салмай, синтетикалық биология мен жаһандық биологиялық қауіп-қатер арасындағы шекті тауып, шекарасын белгілеу керек. Яғни, тіршілікке қауіп төндірмейтін пайдалы істерде қолдануға ғана үндейді.

0 пікір
Мұрағат