Аса қауіпті қатерлі ісіктің пайда болу себептерінің бірі анықталды
Аса қауіпті қатерлі ісіктің пайда болу себептерінің бірі анықталды
2 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары құрамында май деңгейі жоғары диетаның неге бауыр обырының пайда болу қаупін күрт арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған басылымда жарияланған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, созылмалы май әсерінен бауыр жасушалары қайта құрылады немесе құрылымдалады және «жетілмеген», діңгекті жасушалар тәрізді жағдайға ауысады, ал мұндай жасушалардың канцерогенді мутацияларға ұшырау қатері тым жоғары. Бұл тарапта кеміргіштерге жүргізілген тәжірибе барысында гепатоциттер - бауырдың негізгі жасушалары - майлы диетаға жауап ретінде тіршілік ету гендерін белсендіріп, қалыпты метаболизмге жауап беретін бағдарламаларды басып тастайтынын анықтады. Мұндай қайта құрылымдау процесі жасушаларға қабыну мен уытты стресстен аман қалуға көмектеседі,  сонымен бірге, тіндерді бақылауға келмейтін, яғни, тоқтату мүмкін емес ,жасушалардың бөлінуін тежейтін қорғаныш тетіктерінен айырады. Бауырды май басқан сайын, яғни, аурудың өршуіне қарай - қабынудан фиброздан, одан ары қатерлі ісікке қарай - өзгерістер жинақтала келе бауыр обыры пайда болды. Гендер экспрессиясындағы ұқсас өзгерістерді ғалымдар адам бауыры үлгілерінен де тапты: аталған ағзаның «жұмыс» функцияларының төмендеуі жасушаның жетілмеу белгілерінің өсуімен байланысты болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат