Аса қауіпті аурудың ерекше себебі айтылды
Аса қауіпті аурудың ерекше себебі айтылды
24 күн бұрын 478 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі алжу (деменция) ауруынан зардап шегетіндердің үштен бірі дерлігі тікелей миды зақымдамайтын дертпен байланысты осындай күйге түскен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде 200-ден аса ғылыми еңбекті талдаудан өткізген Сун Иатсен университетінің ғалымдарының қорытындысына жөн сілтеген Nature Human Behaviour мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта алжуды 26 (қызылиектің қабынуы, бауыр ауруы, сусамыр, құлақ мүкістігі, т.б.) өзге аурумен байланыстырып зерттеп көрген екен. Осы 26 аурудың 16-ның алжу қатерін арттыратыны анықталған. Бүгінде күллі әлем бойынша 19 млн адам алжыған, оның шамамен 33 пайызы осындай өзге аурулармен байланысты пайда болған. Талдау нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі науқастардың көп бөлігі қызылиектің қабынуынан (пародонта); бауыр ауруынан, есту қабілетін жоғалтудан, көздің көру қабілетінің төмендеуінен, сусамырдан (екінші типті) алжу ауруына шалдыққан. Бұдан бөлек, бүйрек, остеоартрит, инсулт, ишемиялық жүрек ауруы, ревматоидты артрит,. ішектің қабынуы да адамның алжуына ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат