Аса қатты дауыл тұрғызуды үйренді
|
Маями университетінің ғалымдары өздерінің зертханасындағы әлемдегі ең алып дауыл генераторының көмегімен ауа райын зерттеуде. 1400 аттың күші бар желдеткіш сағатына 250 шақырым жылдамдықтағы және 4-5 метрге дейін толқын тудыратын бесінші санаттағы дауыл тұрғызуға қауқарлы. 45 млн долларға бағаланған зертхана аталмыш университет жанындағы Розенштил атындағы мұхит және атмосфералық ғылым мектебінде орналасқан. Симулятор ұзындығы 23 метрге, ал тереңдігі жететін хауыздан тұрады. Оның ішінде 143 845 литр теңіз суын сағатына 252,6 шақырым жылдамдықта дауыл тұрғыза алатын «желдеткіш» бар.
SUSTAIN (Surge-Structure-Atmosphere Interaction) зертханасының биік төбесінде спутниктік сенсор орналасқан. Осы құрылғы арқылы ғалымдар зау биіктен болфп жатқан өзгерістерді бақылай алады. Бұл жайында Tech Times ақпарат көзі хабар таратты.
Ғалымдарға жылы мұхит суының үстінен дауылдың қалай пайда болатынын біледі. Ендігі жерде олар дауыл мен теңіз көбігінің өзара қалай ықпалдасатынын зерттеуде. Адамзатқа белгілі ең күшті дауыл 2005 жылы орын алған болатын. «Вильма» дауылы сағатына 295 шқырым қашықтықта соққан. Одан келген зиян мқлшері 21 долларға жетті.