Араның (сонаның) жаңа, ерекше түрі табылды
Араның (сонаның) жаңа, ерекше түрі табылды
4 жыл бұрын 4337 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Скотт Иган есімді Райс университетінің эволюцияны зерттейтін биологы «суперпаразит» деген атқа лайық сонаның жаңа түрін тапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі осынау зерттеуге қатысты материал жарияланған Insect Systematics and Diversity мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Аталған жоғарғы оқу орнының биология ғылымы кафедрасының доценті Скотт Иган өсіп тұрған емен ағашын биохимиялық тұрғыдан өз қалауы мен қолайына қарай өңдей алатын жәндікті – цинипидті зерттеп, зерделеп жүр. Ципинид емен ағашының жапырағына немесе сабағына жұмыртқалаған кезде ағашты химиялық тұрғыдан өңдеп, оны жұмыртқаны қымтайтын әрі жұмыртқа жарған кезде личинкалары қоректенетін өтті өндіруге мәжбүрлей алады. Allorhogas gallifolia деген атауға ие болған ципинид Allorhogas тегінен тарайтын соналардың жаңа төрт түрінің біріне жатады. Скотт Иган мен оның Мексика ұлттық автономды университетіндегі (UNAM) әріптестері Эрнесто Самака-Саенс мен Алехандро Залдивар-Риверон аталмыш жәндікті сипаттап берді. Ғалымдар бұл жәндіктің өтті ресурс ретінде пайдаланатынын айта келе оны ағаштан қалай өндіріп алатынын толық білмейтіндерін алға тартты. Бір нәрсе анық: олар шөппен қоректенетін құртты аулап, оның өтінің тінімен қоректенеді, ал сонаның личинкасы осы құрты қорек етеді. Осы орайда Allorhogas сонасының Орталық Америка мен Мексикадан 50-ден аса түрінің табылғанын айта кету керек.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат