Арабтар электр энергиясын пайдаланбайтын салқындату жүйесін ойлап тапты
Арабтар электр энергиясын пайдаланбайтын салқындату жүйесін ойлап тапты
2 ай бұрын 1148 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында пайда болған аталмыш технология ақшаны үнемдеуге әрі экологияға зиян келтірмеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы techxplore.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясы мен басқа елдердің инженерлері ерекше салқындату технологиясын ойлап тапты. Ол жұмыс істеу үшін электр қуатын қажет етпейді. Жүйе гравитацияға негізделген. Білікті мамандардың айтуынша, Сауд Арабиясында күн батареялары кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, олардың жұмысы қосымша электр энергиясын тұтынатын салқындату жүйелерін қажет етеді. Осыған байланысты энергия қымбат тұратын ауылдық жерлерде мұндай технологияны қолдану тиімсіздеу. Корол Абдолла атындағы ғылым және технология университетінің сарапшылары бастаған ғалымдар бұл олқылықтың орнын толтыруға шешім қабылдай келе бұрын жылуды көрсету үшін пайдаланылған қондырғыға назар аударды. Белгілі болғандай, ол сұйықтықты жинауға да пайдалы болып шықты. Бірегей жүйенің жұмыс принипі арнайы қондырғы арқылы ауадан суды алу үшін гравитацияны пайдалануға негізделген. Ғалымдар атап өткендей, атмосферадағы сұйықтық мөлшері барлық суы тұшшы өзендерге қарағанда әлдеқайда көп. Жаңа жүйе пассивті радиациялық салқындату арқылы конденсатты (булау процесі) алуға мүмкіндік береді. Бұл тарапта инженерлер бастапқы кезеңінде сұйықтықты жинауда қиындыққа тап болды. Құрылғының бетіне су буы тура мағынасында «жабысып» қалатын еді. Бұл кемшілік полимер мен силикон майының қоспасына негізделген арнайы майлау жабынын жасау арқылы түзетілді. Өзгеше жүйе сынақ барысында тиімділігін танытты. Қондырғыны табиғи жағдайда алты рет тексеріп көрді. Оны Тубал қаласында орналастырды. Қондырғы өзге ұқсас технологияларға қарағанда судың жиналу қарқынын еекі есеге арттырған. Айрықша технологияның артықшылығы мұнымен ғана шектелмейді: электрді пайдаланбайтындықтан оның желдету қалақшасы тәрізді жылжымалы элементтері жоқ. Бұл артықшылық қондырғының жұмыс істеу мерзімін ұзартып, құралды пайдалануға кететін қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат