Араб ғалымы қанды тамыр ішінде тазалайтын құрылғы ойлап тапты
Араб ғалымы қанды тамыр ішінде тазалайтын құрылғы ойлап тапты
3 ай бұрын 1011 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жүсіп әл Әзіз есімді марокколық невролог қанды тамыр ішінде тікелей сүзгіден өткізетін медициналық құрылғы ойлап тапқанын жариялады. Бұл бірегей құрылғы иммундық ауытқу мен ағза трансплантындағы ақаудлы емдеудің тың әдісі ретінде шығады. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019 жылы Катарда өткен «Ғылым жұлдыздары» деп аталатын айтулы шарада, яғни, байқауда жүлдене ие болған марокколық ғалым Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында өзі ойлап тапқан ерекше құрылғының  тиімділігі дәлелденгенін жазды. Бұл құрылғы қабынған жасушалар мен кей ақ қан түйіршіктерінің бағытын өзгерте алатынын көрсеткен. Аталмыш технология созылмалы инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға көмектеседі, бұдан бөлек, донорлық ағзаның өзге организмді жатырқау қатерін төмендетеді. Жүсіп әл Әзіздің Ortho Medical компаниясы айрықша жобамен үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзгеше жобаға 250 000 долларға жуық инвестиция тартылған, барлық қаржы жекелеген  донорлардан жиналған. Бірде-бір мемлекеттік мекеме аталмыш жобаға атсалыспағанын атап өтті. Соған қарамастан бұл құрылғы Америка құрама штаттарында сынақтан сәтті өткен. Мароккандық ғалымның айтуынша, құрылғы қабынған жасушаларды қан тамырына «жолатпайды». «Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, құрылғы қабынған жасушаларды дененің бір жағына бағыттап, ақ қан түйіршіктерін азайтады», - деп түсіндірді ол.

0 пікір
Мұрағат