Араб ғалымдарының күн элементі тиімділігі жағынан рекорд орнатты
|
Корол Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің ((KAUST, Саудия) ғалымдары рекордтық тиімділігі жоғары, жаңа кремни/перовскит тандемді күн батареясын жасап шығарды. Бұл жайында kaust.edu.sa ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. KAUST Solar Center инженерлері қалыпты күн жарығында тиімділігі 33,2% болатын кремни/перовскит тандемді күн батареясын әзірледі. Бір-бірімен түйіскен екі күн батареясының кез келген түрі үшін ең жоғары тиімділік танытқан. Рекорд Еуропалық күн панелін сынау орталығымен сертификатталған. Бұл бағыттағы жаңа көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған Helmholtz Zentrum Berlin командасының 32,5% тиімділігі бар ұяшықтармен байланысты алдыңғы рекордынан 0,7% артық. KAUST тобы күн батареясына жаңа рекорд орнататындай қандай өзгерістер енгізгенін нақтыламады. Алайда, олардың жаңалығы өз кезегінде күн батареясының құрылымындағы, материалындағы, өндіріс әдісіндегі, конструкциясындағы өзгерістер есебінен ашылғаны белгілі.