Араб ғалымдары шафран қалдығынан микробқа қарсы табиғи дәрі жасады
Араб ғалымдары шафран қалдығынан микробқа қарсы табиғи дәрі жасады
4 ай бұрын 1043 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко ғалымдары денсаулыққа қатерлі, соның ішінде тәбетті басып  тастайтын, басты ауыртатын әрі уытты синтетикалық консерванттар секілді кері әсері жоқ табиғи дәрі ойлап тапты. Дәлірегі, бұл арада синтетикалық консерваттарға балама бола алатын аса тиімді әрі табиғи өнім турасында, яғни, Таяу Шығыста кеңінен танымал, шипалы қасиеті жоғары шафранның әлеуеті турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы «Марокко шафранының жанама өнімдерінің бактерияға қарсы және саңырауқұлаққа (бактерия) қарсы белсенділігін қоспа дизайны мен симплекс-центроидтік тәсілді пайдалана отырып арттыру» атты зерттеуді 14 мароккалық ғалымнан жасақталған топ жүргізді. Зерттеу нәтижесінде биологиялық белсенді қосылыстардың қайнар көзі ретінде шафранның жанама өнімдерінің, атап айтқанда, шашағының, жапырақтары мен күлтесінің емдік қасиеті жоғары екендігі анықталды. Тәжірибелік дизайнның озық әдісін пайдалана отырып, зерттеушілер шашағының 34%-ның, жапырақтың 30%-ның және күлтесінің 36%-ның оңтайлы қоспаға айналатынына көз жеткізді. Бұл қоспа кеңінен тараған Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Candida albicans Geotrichum және саңырауқұлақ бактерияларына қарсы белсенділігін танытқан. Шафран жапырағы, күлтесі және шашағы сығындысы 6,25 мг/мл деңгейінде ең төменгі ингибиторлық концентрациясы ең тиімдісі болып. Айта кетерлігі, сығынды тағам немесе опа-далап өнімдерінде қасиетін жоғалтпай өзінің табиғи түсін сақтап қалды. Бұл бағыттағы бірегей зерттеу тамақ өнімдерін консервациялауды, фармацевтикалық өнімдерді әзірлеуді химиясыз  жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Экономикалық тұрғыдан да бұлзерттеудің маңызы зор. Өндiрiлген шафранның әрбiр келісінен шамамен 63 келі қалдық қалады екен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл жанама өнімдерді микробқа қарсы агенттерге айналдыру өз кезегінде шығынды өзге өсімдік сығындыларымен салыстырғанда 40-60% -ға төмендетуі мүмкін. Бұл процесс ресурсты барынша оңтайлы пайдалануды ұйғаратын тұйық циклге негізделген экономикаға және ысырапшылдыққа жол бермеуді ұйғаратын мақсаттарға сәйкес келеді. Әрбірден соң, мұндай зерттеу химиялық құрылым мен биологиялық тиімділік арасындағы өзара байланысты тереңірек түсіну үшін инфрақызыл спектроскопия, сұйық хроматография-масс-спектрометрия және ядролық магниттік резонанс сияқты озық аналитикалық әдістерді қолдануды ұйғарады.

0 пікір
Мұрағат