Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
9 ай бұрын 1370 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Корол Абдулла атындағы ғылым және технология университетінің ғалымдары су тамшыларының ауадан салқын маймен қапталған бетке конденсацияланғанда биге ұқсайтын күрделі қозғалыс жасайтынын байқады. Бұл жайында islam.kz порталы journals.aps.org  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Cheerios әсеріне (сұйықтықта қалқып жүрген кішкентай заттардың бір-біріне жақындап, ыдыс жиегіне көтерілуінің табиғи процесі «Шериос эффектісі» деп аталады) ұқсас қозғалыс Сауд Арабиясы сияқты құрғақшылық тән аймақтарда атмосферадан су жинауға көмектеседі. Кәдімгі қатты заттың бетінде конденсацияланған тамшылар төмен сырғуы үшін жеткілікті массаға ие болуы тиіс, яғни, жеткілікті салмақ жиналғанша заттың беткі жағына «жабысып» тұрады. Араб ғалымдары қатты заттардың беткі жағын майласа, тамшылар тезірек төмен сырғып, тезірек судың жиналуына әсер ететінін топшылаған еді. Бұл заңдылық немесе жаңалық күткендегідей нәтиже бермеді. Ғалымдар көлемі ондаған микроннан бірнеше мм-ге дейінгі конденсат тамшылары өздігінен және күрделі ұжымдық «биге» қалай қатысатынын байқады. Тамшылар жыландай ирелеңдеп, майланған заттың беткі жағы кеуіп кеткенше сырғыған, содан кейін олар айнала қозғалған. Зерттеушілер кейбір аймақтарда тұшшы су тапшылығына байланысты энергияны тұтынбайтын, яғни, қарапайым конденсация арқылы ауадан суды тиімді тарта алатын құрылғылардың кең сұранысқа ие екенін алға тартып отыр. Тамшылардың топтанғандағы қозғалысын оңтайландыру арқылы конденсация жылдамдығын айтарлықтай арттыруға болады, деп есептейді, демек, тиімді жолмен су жинау жүйесін қалыптастыруға болатынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар:

«Ауадан органикалық кристалдар көмегімен тұшшы су алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-organikalyq-kristaldar-komegimen-tushshy-su-alyndy-18308/#gsc.tab=0);

«Ауадан су өндіру технологиясы пайда болуы мүмкін немесе тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-su-ondiru-tehnologiyasy-paida-boluy-mumkin-nemese-tushshy-su-tapshylygynyn-aldyn-aludyn-jana-adisi-tabyldy-17928/#gsc.tab=0);

«Шөлде ауадан су алу жобасы басталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sholde-auadan-su-alu-jobasy-bastaldy-14879/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат