Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады
Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады
4 ай бұрын 1015 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Bilanol / Shutterstock / Fotodom

Көміртекті аулау технологиясына маманданған немесе машықтанған омандық 44.01 стартапы 37 миллион доллар жинады. Кәсіпорын бұл қаражатты өз өнімін жақсартуға және ілгерілетуге, сондай-ақ, бұл тараптағы жобасын жетілдіруге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ESG Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арабтар атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газының (СО2) бөлінуімен күресу үшін «44.01» жобасы бойынша парниктік газды тасқа айналдыруды ұсынып отыр. Аталмыш процесс жер астында өтеді. Біріншіден, көмірқышқыл газы ерітінді түзу үшін суда ерітіледі. Ол оң зарядталған иондармен (катиондармен) әрекеттеседі және минералдану процесі басталады. Жоғары қысымда және дұрыс температурада СО2 аз уақыт ішінде тасқа айналады

0 пікір
Мұрағат