«Ақылды» наномата вирус пен бактерия тап болғанда және температураға қарай түсін өзгертеді (видео)
|
Вирджиния достастығы университетінің химиялық инженерия мен өмір туралы ғылым инженерия кафедрасының доценті, философия докторы Кристина Тан вирус тап болғанда немесе температураға қарай түсін өзгерте алатын наномата жасаудың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалым мұндай жетістікке талшықтағы сұйық кристалдарды айналдыру арқылы қол жеткізіп отыр. Әсіресе, бүгінгідей жұқпалы індет жайлаған тұста мұндай матаның маңыздылығы зор екенін айтпасаң да белгілі. Кристина Тан бастаған ғалымдар электрмен жұмыс істейтін айналдыру дөңгелегін (прялка) пайдаланды. Ол материалды генерациялаған кезде талшыққа тартылып, жаймаға таралады. Былайша айтқанда, саптамадан материал пайда болады, содан кейін оны талшыққа тартады және жаймаларға орайды.Полимерлі наноматериал нейлон немесе полиэтилен секілді пластиктен жасалады. Бұл материалды киім тіккенде пайдалануға болады