Ақылды мата бұлшықет қозғалысын және қан тамырларының жиырылуын анықтайды (видео)
Ақылды мата бұлшықет қозғалысын және қан тамырларының жиырылуын анықтайды (видео)
1 жыл бұрын 1014 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар су өтпейтін, қуат алатын көзі дербес (автономды) көзі бар, бұлшықеттің жиырылуынан бастап тамыр соғысына дейін дене қимыл-қозғалысын тіркеп, өлшемін (жай-күйін) білдіріп отыратын ақылды мата әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәәлірегі, Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университетінің инженерлері мата қасиетін қайталайтын сезімтал материал жасау үшін наномагнитті пайдаланған екен. Аталмыш технологияны медицина саласында бұлшық еттің зақымдалған жерін анықтау әрі оңалу барысын қадағалау үшін пайдалануға болады. Ақылды мата наномагниттермен толтырылған резеңке жіптерден жасалған. Кәдімгі тігін машинасының көмегімен зерттеушілер катушка патчіне күміспен қапталған өткізгіш жіпті тіккен. Кез келген механикалық әсер резеңке материалдың ішіндегі магниттердің құрылымын деформациялайды (өзгертеді), электр тогы өтетін жіптер әзірлеген.

0 пікір
Мұрағат