Ақпаратты QR-код көмегімен мыңдаған жылдар бойы сақтау әдісі пайда болды
Ақпаратты QR-код көмегімен мыңдаған жылдар бойы сақтау әдісі пайда болды
1 жыл бұрын 942 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Brett Jordan / Unsplash

Cerabyte неміс стартапының мамандары QR кодтары мен керамика көмегімен деректерді ұзақ мерзімде сақтау әдісін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Tom's Hardware ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа технология авторларының айтуынша, тура мағынасында ақпаратты мың жылға сақтауға мүмкіндік беретін тәсіл QR-кодты жұқа керамикалық пленкаға таспалауға саяды. Арнайы картриджде бір эксабайт мәліметке дейін сақтауға болады. Германиялық инженерлер деректер қалыңдығы небәрі 50-100 атом болатын пленкаға жазылатынын, содан кейін ол шыны парақтарға түсірілетінін көрсетті. Олардан картридждер қалыптасады. Осылайша, CeraMemory картриджінің сыйымдылығы 10-нан 199 петабайтқа дейін, CeraTape - 1 экзабайтқа дейін болуы мүмкін. Ақпарат лазер көмегімен пленкаға таспаланады. Содан кейін маңызды ақпараттар қамтылған картридждер арнайы сақтау сөрелеріне қойылады. Керамикалық «тасымалдағыштар» ақпаратты 5000 жыл бойы тиімді сақтай алады. Картридждер жоғары температураға - Целсия бойынша 300 градустық радиацияға және электромагниттік сәулеленуге төтеп бере алады. Инженерлердің айтуынша, жаңа технологияны кітапханаларда үлкен көлемдегі мәліметтерді сақтауға болады

0 пікір
Мұрағат